Жыр жүйрігі-Мұқағали

09.02.2021

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 1 курс студентері арасында 09 ақпан күні қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Жыр жүйрігі –Мұқағали » атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.Тәрбие сағаты колледж кітапханашылары ұйымдастырған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты ақынның кітаптары көрмеден бастау алды.

Іс-шараның мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әдеби сөз сұлулығын, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілді насихаттау, оны оқуға, үйренуге қызығушылықты ояту болып табылады. Ақын өлеңдері арқылы студенттердің Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып отаншылдыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағатына қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушылары, ЦӘК төрайымы,әдіскерлер және колледж кітапханашылары қатысты. Іс-шара барысында өзге ұлт өкілдері презентациялар, бейнекөрініс арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығы турасында мол мағлұмат беріп, ақын жырларын мәнерлеп оқыды. Жұртшылық алдында Мұқағалидың «Қарасаз»,«Отан», «Үш бақытым», «Есіңе мені алғайсың» сынды жыр жумақтары көпшілік алдында жаңа қырынан танылды.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын таба берері сөзсіз.



Текст
Виртуальная приемная